Қоғам

Ауыл әкімдерін халық сайлайды – Тоқаев

Президент ауыл әкімдерін сайлау жүйесін толығымен зерделеп шығу қажеттігін атап өтті. Бұл бастаманы кейінге қалдыруға болмайды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін сайлауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жалпы, алдағы саяси реформалар халықтың басқару жүйесіне белсене араласуына бағытталуы тиіс. Қазіргі сауалнамалар көрсетіп отырғандай, қоғам ауыл әкімдерінің сайланғанын қалайды", - деді Тоқаев парламент палаталарының бірлесекен отырысында.

Оқи отырыңыз: Президент ғылым саласын дамытуға қатысты нақты тапсырмалар берді 

Осы орайда президент ауыл әкімдерін сайлау жүйесін толығымен зерделеп шығу қажеттігін жеткізді. Бірақ бұл бастаманы кейінге қалдыруға болмайды.

"Бұл – маңызды қадам. Оған жан-жақты дайындалу қажет және біртіндеп іске асыру керек. Біз осы жүйенің қалай жұмыс істейтінін анық білуіміз керек. Алайда бұл мәселені кейінге қалдыруға болмайды. Келесі жылы бірқатар ауыл әкімінің құзіреті аяқталады. Меніңше, ауыл әкімдерінің сайлауын өткізу керек", - деп түйіндеді мемлекет басшысы.