Оқиға

Ақсуда балконмен бірге құлап кеткен әйел көз жұмды

28 тамызда металл қоршаулары сынған балконмен бірге құлаған ер адам мен әйел қалалық орталық ауруханаға жеткізілді
Sputnik

АЛМАТЫ, 1 қыркүйек — Sputnik. Ақсу қаласында ер мен әйел балконнан құлап, ауруханаға жеткізілді. Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне әйелдің қайтыс болғанын хабарлады.

28 тамызда металл қоршаулары сынған балконмен бірге құлаған ер адам мен әйел қалалық орталық ауруханаға жеткізілді.

Оқиға зардап шеккендердің өз үйінде болған. 27 жастағы әйел есін жимастан қайтыс болды.

Ал бір күннен кейін Екібастұз ауруханасына 37 жастағы жергілікті тұрғын жатқызылды, ол бесінші қабатта орналасқан пәтерінің балконынан абайсызда құлап кеткен.

Жазатайым оқиға фактілері бойынша сот-медициналық сараптама тағайындады, деп хабарлады полиция.

Тағы оқыңыз: Ер адамнан кейін әйел секірді: желіде Нұр-Сұлтанда болған оқиғаның видеосы тарады