НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Биыл "Жеңіс диктанты" әлемнің 75 елінде жоспарланып отыр. Акция 3 қыркүйек – Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталған күні өтеді, деп хабарлады Россотрудничествоның баспасөз қызметі.
"Жеңіс диктантына" бұған дейін антигитлерлік коалицияға кірген елдер қатысуға ниет білдірді. Елдер арасында Құрама Штаттар, Франция, Ұлыбритания, сондай-ақ ТМД мемлекеттері, Қытай, Вьетнам, Түркия, Израиль және басқалары бар. Диктант Россотрудничество өкілдіктерінде – ресейлік ғылым және мәдениет орталықтарында, мектептер мен кітапханаларда, университеттерде өтеді. Азаматтардың өтінішімен көптеген елде бірнеше алаң ұйымдастырылады", - делінген хабарламада.
Ауқымды географиялық спецификаны ескеріп, тест тапсырмаларының халықаралық нұсқасы әзірленді.
Негізгі 20 сұрақтан тұратын тізімге бес сауалдан қосылды. Олар үш шартты-тақырыптық топқа бөлінген: "Батыс" (Америка, Африка, Еуропа), "Шығыс" (Азия, Таяу Шығыс), "Бұрынғы КСРО елдері" (ТМД және жақын шет елдер).
Тағы оқыңыз: Жеңістің 75 жылдығына арналған парад қалай өтті – фото
Диктант дәстүрлі түрде орыс тілінде өткізіледі, бірақ биыл тест нұсқалары ағылшын және қытай тілдерінде де әзірленді.
"Жеңіс диктанты" өтетін барлық алаңда санитарлық талаптар қатаң сақталады. Қатысушылар мен ұйымдастырушылардың қауіпсіздігі барынша қамтамасыз етіледі", - деп нақтылады Россотрудничестводан.
Бұқаралық шараларға тыйым салынған елдерде диктантпобеды.рф сайтында тест тапсыруға болады. Ол 3 қыркүйек Мәскеу уақытымен 14.00-ден бастап (Нұр-Сұлтан уақытымен 17.00) бір ай бойы қолжетімді.
Толық ақпарат үшін Россотрудничество өкілдіктеріне хабарласуға болады. Байланыс деректері rs.gov.ru сайтында.
Былтыр Қазақстанда 150-ден астам адам "Жеңіс Диктанты" жобасына қатысты.