НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз - Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында полицейлер мен еріктілер 7 жасар баланы іздеп жатыр.
Ата-анасы Эдуард Жилиевтің жоғалып кеткенін айтып, полицияға жүгінген. Сенбі күні бала аулаға ойнауға шығып, із-түзсіз жоғалды. Ол "Украина" велосипедін теуіп жүрген.
Полицейлер баланың жанында 19 жастағы Зубовск ауылының тұрғыны болғанын анықтады. Екеуі бір-бірін таниды.
Эдуард Жилиевтің шашы ашық қоңыр, көзі қоңыр.
Сұр түсті жейде және шалбармен болған. Аяққкиімі де қою сұр түсті.
Жоғалған баланы іздеуге полиция бөлімінің жеке құрамы толықтай жұмылдырылды.
Зубовск және Снегирева ауылдарында іздеп жатыр, құрылыс алаңдары, саябақтар тексерілуде.
Эдуард туралы ақпарат білетін адамдардан "102" нөміріне хабарласуды сұрап отыр.