Қоғам

Заңгер депозиттегі ақша қалай жоғалып кетуі мүмкін екенін айтты

Құжаттың өте ұсақ әріппен жазылған тұсына мән берген жөн. Өйткені барлық қаражат банк қызметкерінің басқаруына көшіп кетуі ғажап емес
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз - Sputnik. Қаражатты банкте сақтау - ақшаны жоғалтып алмаудың ең тиімді жолы. Алайда кейде депозиттегі ақша да із-түзсіз жойылып кетуі мүмкін. Сондықтан банк қызметкерлерінің әрекетіне өте мұқият болу керек, деп жазады "Прайм" адвокаттар алқасы филиалының меңгерушісі Анатолий Мироновқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, клиент банкке барған сайын үйреніп, жинақы бола алмай қалады. Осы кезде алаяқтар өз жоспарын іске асыруы мүмкін. 

"Өкінішке қарай, банк салымындағы жеке тұлғалар ақшасының жоғалуына банк қызметкерлерінің қатысы болады. Сондықтан олар ұсынған құжатты барынша тексеріп, қол қою қажет", - дейді заңгер.

Мәселен, банк қызметкері тиімді үстемақысы бар депозитті жарнамалауы мүмкін. Клиент бұған келісіп, келісімшартқа қол қоя салады. Мұндай кезде құжаттың өте ұсақ әріппен жазылған тұсына мән берген жөн. Өйткені барлық қаражат банк қызметкерінің басқаруына көшіп кетуі ғажап емес. Кейін ақшаны қайтару мүмкін болмайды.

Мироновтың сөзіне қарағанда, алаяқтардың банк қызметкерлерінен салымшының құжат мәліметін де алатын кезі сирек емес. Кейін құжатты қолдан жасап, ақшаны шешіп алады. Маман бұдан қорғану үшін барлық жинақты бір банкте сақтауға кеңес беріп отыр.