Қоғам

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 11 адам қайтыс болды

Қазіргі кезде 213 адамның жағдайы ауыр болса, 37 науқас өте ауыр хәлде жатыр. 42 пациент жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз – Sputnik. Қазақстанда соңғы тәулікте коронавирус салдарынан 9 адам, ал коронавирустық пневмониядан 2 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

543 адам коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониямен ауырды. Коронавирус ауруы 126 пациентте ПТР тестімен расталды.

1 тамыздан бастап ПТР сынағы теріс пневмонияның 25 658 жағдайы анықталып, 284 адам қайтыс болды.

Ал пандемия басталғаннан бері (13 наурыздан бері) Қазақстанда пневмонияның 105 684 жағдайы тіркеліп, 1 581 адам қайтыс болды.

Оқи отырыңыз: Ер адамдар коронавирусты жиі жұқтырады – ғалымдар себебін анықтады

Қазіргі уақытта 7 968 ​​адам коронавирустық инфекцияны емдеуді жалғастыруда, оның ішінде 33 бала бар. Стационарларда 3 843 пациент жатыр, амбулаториялық деңгейде – 4 125 адам ем қабылдауда.

213 адамның жағдайы ауыр болса, 37 науқас өте ауыр хәлде жатыр. 42 пациент тыныс алдыру аппаратына қосылған.