Қоғам

Өткен тәулікте 126 адамның коронавируспен ауырғаны анықталды

Қазақстанның үш өңірінде – Маңғыстау мен Алматы және Қызылорда облысында COVID-19 індетін жұқтыру оқиғасы тіркелген жоқ
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулік ішінде 126 адамның коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

"Оның ішінде 52 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді", – делінген хабарламада.

Қалалар мен өңірлер бойынша (жалпы/симптомсыз):

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 7 / 4
  • Алматы қаласы - 16 / 3
  • Шымкент қаласы - 1 / 1
  • Ақмола облысы - 6 / 2
  • Ақтөбе облысы - 2 / 1
  • Атырау облысы - 11 / 11
  • Шығыс Қазақстан облысы - 24 / 3
  • Жамбыл облысы - 3 / 0
  • Батыс Қазақстан облысы - 4 / 2
  • Қарағанды облысы - 17 / 13
  • Қостанай облысы - 8 / 2
  • Павлодар облысы - 7 / 3
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 12 / 2
  • Түркістан облысы - 8 / 5.

Айта кетейік, республика бойынша ауырғандар саны – 105 683 адамға жетті.