Қоғам

Қазақстанның бір облысында коронавирус жұқтырған адам анықталмады

Қызылорда облысында бірде-бір адамнан вирус табылмады. Аурулардың саны жағынан Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысы көш бастап тұр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 150 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.

Оның ішінде 57 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді.

Өңірлер бойынша мәлімет (жалпы статистика / симптомсыз науқастар):

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 14 / 5,
  • Алматы қаласы - 24 / 0,
  • Шымкент қаласы - 2 / 1,
  • Ақмола облысы - 7 / 4,
  • Ақтөбе облысы - 3 / 0,
  • Алматы облысы - 1 / 0,
  • Атырау облысы - 11 / 9,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 23 / 5,
  • Жамбыл облысы - 5 / 4,
  • Батыс Қазақстан облысы - 8 / 4,
  • Қарағанды облысы - 15 / 11,
  • Қостанай облысы - 9 / 2,
  • Маңғыстау облысы - 1 / 0,
  • Павлодар облысы - 7 / 1,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 11 / 4,
  • Түркістан облысы - 9 / 7.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 105 558.