Оқиға

Шығыс Қазақстанда жылқы құтқару операциясы сәтті аяқталды

Жергілікті тұрғындар жылқыны өз күшімен шығаруға тырысқанымен, нәтиже болмаған. Көмекке құтқарушыларды шақырған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысына қарасты ауыл тұрғыны орға құлап кептеліп қалған жылқысын шығаруға көмектескені үшін құтқарушыларға алғыс айтты, деп хабарлайды AltayNews сайты.

Опытное ауылының маңында жайылымда жүрген үйір жылқының арасынан бір бие қазылған орға құлаған. Шұңқырдың ені тар болуымен қатар, жануардың төрт аяғы көктен келіп, өте жайсыз түскен екен.

Шығыс Қазақстанда жылқы құтқару операциясы сәтті аяқталды

Жергілікті тұрғындар жылқыны өз күшімен шығаруға тырысқанымен, нәтиже болмады. Содан кейін оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің мамандарын шақырған.

"Мамандар алдымен жануардың алдыңғы аяқтарына арқан байлап, оны етпетінен аударып алып, жылқының аз-кем әлденіп алуына жағдай жасаған. Содан кейін адамдар шұңқырдың ернеуін кеңейткен", – деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Түнімен жайсыз жатып, әбден әлсіреген жылқы шұңқырдан өздігінен шыға алмады. Құтқарушылар мен мал иелері жануарды азықтандырып, күш-қуат жинауына жағадай жасады.

Шығыс Қазақстанда жылқы құтқару операциясы сәтті аяқталды

Бір қызығы, жануарды шұңқырдан шығарғанға дейін маңайда торуылдап жүрген үйір жылқы қатарларына құтқарылған бие қосылғаннан кейін ғана өз жөндерімен кеткен.

Шығыс Қазақстанда жылқы құтқару операциясы сәтті аяқталды