Қоғам

ДДҰ коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны клиникалық зерттеулер тізіміне қосты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен тізімге әлемнің 19 елінен 33 вакцина енгізілсе, оның ішінде қазақстандық өнім де бар
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз – Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ғылым комитетінің биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты жасаған қазақстандық өнімді клиникалық зерттеулерге бекітілген вакциналар тізіміне ресми түрде қосты.

Бұл тізімге 19 елден 33 вакцина енгізілген.

Белсенді емес вирусы бар қазақстандық вакцина клиникалық зерттеудің 1/2 кезеңінде.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирус пандемиясы тағы қанша уақытқа жалғасатынын айтты

Айта кетейік, ДДҰ клиникалық зерттеулерге ресми түрде бекітілген вакциналар тізіміне Ұлыбритания, Қытай, Ресей, АҚШ, Германия, Жапония, Үндістан, Оңтүстік Корея, Бельгия, Швеция, Сингапур, Италия, Австралия, Тайвань, Куба, Франция, Австрия және Канаданың өнімдері қабылданған.