Өңірлер

Сағынтаев Көктөбеде ағаштардың жаппай кесілуіне қатысты түсініктеме берді

Ол Көктөбеде 117 ағаш кесілгенін хабарлады, заң бұзушы анықталды. Оған айыппұл салынып, 1170 ағаш отырғызуға міндеттелді   
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Көктөбе тауы аумағында ағашты заңсыз кескені үшін жер телімі иесінің жауапкершілікке тартылғанын айтты, деп жазды Almaty.tv.

Сағынтаев Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде Медеу ауданында ағаштарды заңсыз кесу фактілеріне жүргізілген тексерудің нәтижесі туралы хабарлады.

Оқи отырыңыз: Алматыда жұмысшылар қарағашты кесуге кім бұйрық бергенін айтты 

Бірнеше адам иелік ететін аумақта жасыл желектер заңсыз кесілгені анықталған. Олардың бірі анықталып, оған ҚР ӘҚ кодексінің 386-бабы бойынша 117 жасыл желекті заңсыз кескені үшін 15 АЕК (41 670 тг) айыппұл салынды. Сонымен қатар, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін ол 50 АЕК (138 900 тг) көлемінде айыппұл төлейтін болды.

Өтемдік ағаш отырғызу он есе мөлшерде анықталды – 1170 мың ағаш.  Ол екі жыл қатарынан ағаштарды күтіп-баптауы қажет.   

Жасыл желекті заңсыз кескен басқа да жер телімдерінің иелері анықталып жатыр.