Қоғам

Қазақстанда бір аптада коронавирустан 108 адам қайтыс болды

Қазір 9 963 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, оның ішінде 49 бала бар. 308 науқастың жағдайы ауыр
Sputnik

АЛМАТЫ, 25 тамыз — Sputnik. Қазақстанда 17 және 23 тамыз аралығында коронавирус инфекциясынан 108 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Науқастар көп қайтыс болған өңірлер арасында Алматы, Шығыс Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы бар. Алматыда бір аптада 32адам қайтыс болды, Шығыс Қазақстан өңірінде 17 науқас, астанада 16 адам көз жұмды.

Бір аптада елімізде 108 адам қайтыс болды:

  • Ақмола облысында – 6 адам;
  • Алматы облысында – 2 адам;
  • Жамбыл облысында – 2 адам;
  • Атырау облысында – 3 адам;
  • Батыс Қазақстан облысында –8 адам;
  • Қарағанды облысында – 5 адам;
  • Қостанай облысында – 1 адам;
  • Маңғыстау облысында – 1 адам;
  • Қызылорда облысында – 1 адам;
  • Шығыс Қазақстан облысында – 17 адам;
  • Павлодар облысында – 6 адам;
  • Нұр-Сұлтан қаласында – 16 адам;
  • Алматы қаласында – 32 адам;
  • Шымкент қаласында – 8 адам.

Пандемия басталғалы Қазақстанда COVID-19 инфекциясынан 1534 адам көз жұмды.

Айта кетейік, Қазақстанда 24 тамызда коронавирустан 11 және пневмониядан 3 адам қайтыс болды.

Сонымен қатар қазір 9 963 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, оның ішінде 49 бала бар. 308 науқастың жағдайы ауыр, 61 науқас өте ауыр жағдайда жатыр және 47 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Қазақстанда COVID-19 індетіне 104 902 адам, ал пневмония дертіне 22 762 адам (1 тамыздан 25 тамызға дейін) шалдықты.