Қоғам

АрМИ-2020: қазақстандық танкішілер жеке жарыста мәреге екінші болып жетті

Қазақстандық танк экипажы 2020 жылдағы Армия халықаралық ойындарының "Танк биатлоны" сайысына қатысады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз — Sputnik. Қазақстанның танк экипажы Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан командаларына қарсы тартысты күресте ресейлік әріптестеріне ғана жол берді.

"Қазақстандық танкішілер сайыста Т-72Б3 танкісімен өнер көрсетіп, екінші орынды иеленді", - деп жазылған қорғаныс министрлігінің ақпаратында.

АрМИ-2020: қазақстандық танкішілер жеке жарыста мәреге екінші болып жетті

Жеке жарыстар 26 және 27 тамыз күндері де өтетін болады. Бұл күндері жартылай финалға шығу үшін қалған екі қазақстандық экипаж тартысты шайқасты жалғастырады. Біздің команданың ағымдағы нәтижелерді жақсартып, жүлделі орындарға қол жеткізуге барлық мүмкіндіктері бар.

Еске сала кетсек, қазақстандық танк экипажы 2020 жылдағы Армия халықаралық ойындарының "Танк биатлоны" сайысына қатысады.