Қоғам

Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарды

Қазақстан теңге сарайында дайындалған коллекциялық монеталар  барлық банктерде шектеусіз ұсақталып, айырбасталады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Ұлттық банк мельхиор қоспасынан номиналы 200 теңгелік және нейзильбер қоспасынан номиналы 100 теңгелік Qazaqstan konstitýsiasyna 25 jyl коллекциялық монеталарын айналымға шығарды. Монеталарды шығару Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына орайластырылған.

Рroof-like сапасындағы монеталар МН 25 мельхиор қоспасынан жасалған. Массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, номиналы 200 теңгелік, таралымы 3000 данада дайындалды. Монеталарда алтындату технологиясы қолданылған.

Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарды

Uncirculated сапасындағы монеталар МНЦ 15-20 МНЦ 15-20 қоспасынан, массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, номиналы 100 теңгелік, таралымы 50 000 данада дайындалды.

Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарды

Ұлттық банктің баспасөз қызметі монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналғанын мәлімдеді.

"Номиналы 200 теңгелік және 100 теңгелік коллекциялық монеталар төлемдердің барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында олардың белгіленген құнымен қабылдануға, сондай-ақ банк шоттарына есепке алынуға және аударылуға міндетті. Сондай-ақ, барлық банктерде шектеусіз ұсақталып, айырбасталады", – делінген хабарламада.

Мельхиор қоспасынан дайындалған монеталар кәдесыйлық орамда шығарылады және коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда "Жеңіске 75 жыл" монеталары айналымға шықты

Айта кетейік, Ұлттық банк бұған дейін Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған коллекциялық монеталар шығарған болатын.