АЛМАТЫ, 24 тамыз — Sputnik. 23 тамызда Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 15 адам қайтыс болды. Бұл ақпаратты денсаулық сақтау министрлігі жариялады.
Өткен тәулікте 84 адамнан COVID-19 белгілері бар пневмония анықталды, екі адам қайтыс болды. Тағы 823 адам жазылып шықты.
Коронавирус инфекциясынан 13 адам қайтыс болды.
1 тамыздан бастап Қазақстанда пневмонияға шалдыққан және коронавирус жұқтыруы мүмкін күдікпен 22 744 науқас тіркелді, 258 адам қайтыс болды, 4 519 адам жазылып шықты.