Қоғам

Министрлік карантинде той жасаған әншілерге қатысты тексеріс жүргізіп жатыр

Қазіргі кезде полицейлер тойдың қашан және қайда өткені мен ұйымдастырушылар қандай санитарлық нормаларды бұзғанын анықтауда
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі жуырда әнші Роза Рымбаева мен Төреғали Төреәлінің отбасында болған тойларға қатысты тексеріс жүргізіп жатыр. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

БАҚ өкілдері денсаулық сақтау министрлігінен карантинде той жасаған қазақстандық жұлдыздардың қандай жазаға тартылатынын сұрады.

"Айтпақшы, бұл мәселе денсаулық сақтау министрінің жеке бақылауында. Бүгін таңертең онымен осы мәселені талқылаған едік. Ол менің көзімше Алматының бас санитарлық дәрігері Бекшинге қоңырау шалды. Қазір Алматының полиция департаментімен бірлесіп, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске сәйкес жазалау шараларын қолдану үшін тексеріс жүріп жатыр", – деді Қожахметов онлайн баспасөз мәслихатында.

Полицейлер тойдың нақты қашан және қайда өткенін, оған кім қатысқанын және ұйымдастырушылар қандай санитарлық нормаларды бұзғанын анықтауда.

Рымбаевтар мен Төреәлі отбасында той

19 тамызда Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқаповтың қалыңдығының ұзату тойы өтті. Жас әншінің таңдауы таңдауы "Асыл" тобының солисі Ақерке Бүркітбайға түскен.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде тойдан суреттер жарияланған еді.

Роза Рымбаева Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында үйлену тойы карантин толығымен аяқталғаннан кейін өтетінін мәлімдеді.

Таяуда Төреғали Төреәлінің отбасында да үлкен қуаныш болды.

Әншінің қарындасы Фариза тұрмысқа шықты. Instagram парақшасында Фариза Төреәлі өзінің тойында түсірілген фотолар мен видеоларды бөлісті. Ол жерде тойдың жиырма шақты адамның қатысуымен өткенін және ешкімнің медициналық бетперде тақпағанын байқауға болады.