Әлем

COVID-19 жұқтырған Тимошенконың жағдайы ауыр – баспасөз хатшысы

Бұған дейін украиналық бұқаралық ақпарат құралдары Тимошенко коронавирус жұқтырғаны туралы жазған болатын. Алайда ақпаратты ешкім растамаған еді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз — Sputnik. Украинаның бұрынғы премьер-министрі және "Батькивщина" парламенттік фракциясының көшбасшысы Юлия Тимошенкода коронавирус расталды. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Марина Сорока хабарлады.

Бұған дейін украиналық бұқаралық ақпарат құралдары Тимошенко коронавирус жұқтырғаны туралы жазған болатын. Алайда ақпаратты ешкім растамаған еді.

"Иә, өкінішке қарай, бұл рас. Тест оң нәтиже көрсетті. Жағдайы ауыр, дене қызуы 39 градусқа дейін жетіп отыр. Күресіп жатыр", - деп жазды Сорока Facebook парақшасында.

Тағы оқыңыз: Коронавирус пандемиясы қашан аяқталады – ДДҰ басшысы болжам жасады