Қоғам

Қазақстанда тағы 230 адам коронавирус жұқтырды

Республикада коронавирус жұқтырғандар саны 104 543 адамға жетті, індетке шалдыққан науқастардың көбі Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 230 адамда коронавирус диагнозы расталды, деп хабарлайды COVID-19 таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Індетке шалдыққандардың ішінде 125 науқаста ауру белгілері бар, ал қалған 105-і – симптомсыз пациенттер.

Осылайша республикада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 104 543 адамға жетті.

Оның ішінде:

  • Алматы қаласында - 14072(+38),
  • Нұр-Сұлтан қаласында -13730(+20),
  • Шымкент қаласында -5164(+4),
  • Атырау облысында -10818(+15),
  • Қарағанды облысында - 9938(+20),
  • Шығыс Қазақстан облысында - 7979(+28),
  • Батыс Қазақстан облысында -  6677(+15),
  • Алматы облысында - 4868(+4),
  • Жамбыл облысында -  4051(+8),
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 3849(+13),
  • Павлодар облысында - 3764(+14),
  • Қостанай облысында -  3336(+11),
  • Маңғыстау облысында - 3315(+10),
  • Ақмола облысында - 3304(+8),
  • Қызылорда облысында -3226(+2)
  • Түркістан облысында - 3245(+10),
  • Ақтөбе облысында -3194(+5).