Экономика

Сарапшылар Қазақстанның мемлекеттік қарызы туралы айтты

Аналитиктер үкіметтің бизнесті қолдау бойынша қабылдаған шаралары ел экономикасына теріс әсерді азайтуға сеп болғанын атап өтті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Сарапшылар Қазақстан экономикасының дағдарыс кезеңіндегі мүмкіндіктерін бағалады.

Fitch Ratings рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін "BBB" деңгейінде растады.

Агенттіктің мәліметінше, Қазақстанның рейтингі ел экономикасының шикізат бағасының ауытқуымен, жинақталған кірістерден көрінетін бюджеттік тұрақтылығын көрсетеді, деп хабарлады ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.  

"Мұнай бағасына және коронавирустың таралуына байланысты дағдарысқа қарамастан, елде сыртқы күйзелістерді жұмсартуға жеткілікті мемлекеттік қарыздың төмен деңгейі және қазыналық резервтің айтарлықтай көлемі сақталуда", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Карантиннен зардап шеккен кәсіпкерлер банкке өтініш бере алады

Агенттік Қазақстан үкіметінің бизнес пен үй шаруашылықтарын қолдау бойынша қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралары ел экономикасының өсуіне теріс әсерді ішінара азайтқанын атап өтті.

Fitch Ratings агенттігі осы жылдың 9 наурызынан бастап бірнеше елдің кредиттік рейтингтері мен болжамдарын теріс жаққа қарай қайта қарастырды. Оның қатарында АҚШ, Канада, Жапония, Ұлыбритания, Франция, Италия, Мексика, Малайзия, Бразилия, Чили, Армения, Әзербайжан мен Грузия бар.