Қоғам

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 26 адам қайтыс болды

Республика бойынша бір тәулікте пневмонияға шалдыққан 723 адам тіркелді, ал бірінші тамыздан бері науқастардың саны 21 264 адамға жетті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз - Sputnik. Өткен тәулікте корнавирустан 20 адам, пневмониядан 6 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Бір тәулікте коронавирус жұқтырған 256 адам және пневмонияға шалдыққан 723 адам анықталды.

Барлығы 13 мамырдан бері Қазақстанда 104 071 адам коронавирус жұқтырды, 1 481 адам дерттен қайтыс болды.

1 тамыздан бері пневмониямен сырқаттанған 21 264 адам тіркелді, 243 науқас көз жұмды.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 14 670 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 62  бала бар. Ауруханаларда  6 339 науқас жатыр. 8 331 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

"Жалпы науқастардың арасында 355 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 78 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 49 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылды", - деп хабарлады министрлік.

Өткен тәулікте 1470 адам коронавирус індетінен емделіп шыққан, дерттен жазылғандардың жалпы саны 87 920 адам болды.