Өңірлер

Қызылордада тергеу департаменті басшысының орынбасары тергеуге алынды – видео

Күдіктілер банк шоттарының бұғаттауын шешіп береміз деп бір топ адаммен алдын ала сөз байласқан
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз – Sputnik. Қызылорда облыстық экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары тергеуге алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, департамент басшысының орынбасары мен оның сенімді тұлғасын Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары құрықтады.

"Күдіктілер банк шоттарының бұғаттауын шешіп береміз деген сылтаумен бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, Алматы қаласындағы кәсіпкердің 10 миллион теңгесін қолды қылған. Олардың барлығы кәсіпкерден сол 10 миллион теңгені алған сәтте ұсталды", – дейді тергеушілер.