Саясат

Нұр-Сұлтанда Мамин мен "Роскосмос" басшысы Рогозин кездесті

Тараптар "Бәйтерек" бірлескен ғарыш зымыран кешенін ("Назарбаев старты") құру жобасы мен "Гагарин стартын" жаңғырту және Біріккен Араб Әмірліктерімен бірлескен үшжақты жобаны талқылады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин "Роскосмос" ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Рrimeminister.kz.

"Екі тарап ғарыш саласындағы Қазақстан – Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, оның ішінде "Байқоңыр" ғарыш айлағын одан әрі дамыту мен Жерді қашықтан зондтау саласындағы өзара іс-қимылды талқылады", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, тараптар "Бәйтерек" бірлескен ғарыш зымыран кешенін ("Назарбаев старты") құру жобасы мен "Гагарин стартын" жаңғырту және Біріккен Араб Әмірліктерімен бірлескен үшжақты жобаға ерекше назар аударылды.

Оқи отырыңыз: Байқоңыр толық тазартылады – ғарыш айлағынан не шығарылады

Кездесуге Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы Бағдат Мусин де қатысты.