НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз — Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды.
Мемлекет басшысы кесенесні аралау барысында күмбездің тарихи келбетін сақтай отырып жүргізілген жаңарту жұмыстарының нәтижелерімен танысты. Атап айтқанда, кесененің желдеткіш қабаттары реттеліп, күмбез етегіндегі сегіз қырлы қосындыға гидрооқшаулау жұмысы жүргізілген.
"Сондай-ақ, "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің аумағындағы тарихи орындар қайта қалпына келтіріліп, кесене алдына туристер демалатын қалың бау-бақшалы алаңқай салынған", -деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президентке атқарылған жұмыстардың барлығы ЮНЕСКО-мен келісе отырып жүргізілгені жөнінде баяндалды.
Еске сала кетсек, кесені жаңарту жұмысы бірнеше жылдан бері жүргізіліп, биыл 29 шілдеде аяқталды.
Күмбезді жаңарту мәдениет жіне спорт министрлігі мен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің ерекше бақылауында болған.
Тағы оқыңыз: Мамин мен Шөкеев Тоқаевтың тапсырмасын 2 сағатта орындап тастады – видео