Қоғам

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 21 адам қайтыс болды

Республика бойынша бір тәулікте пневмонияға шалдыққан 787 адам тіркелді, ал бірінші тамыздан бері науқастардың саны 20 541 адамға жетті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз - Sputnik. Өткен тәулікте корнавирустан 15 адам, пневмониядан 6 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Бір тәулікте коронавирус жұқтырған 244 адам және пневмонияға шалдыққан 787 адам анықталды.

Барлығы 13 мамырдан бері Қазақстанда 103 815 адам коронавирус жұқтырды, 1 461 адам дерттен қайтыс болды.

1 тамыздан бері пневмониямен сырқаттанған 20 541 адам тіркелді, 237 науқас көз жұмды.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 15 904 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 64 бала бар. Ауруханаларда 6 942 науқас жатыр. 8 962 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

"Жалпы науқастардың арасында 350 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 100 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 63 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған", - деп хабарлады министрлік. 

Өткен тәулікте 164 адам коронавирус індетінен емделіп шыққан, дерттен жазылғандардың жалпы саны 86 450 адам болды.