НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында екі адамды тұншықтырып, аяусыз өлтірді деген күдікпен 36 жастағы Қапшағай қаласының тұрғыны ұсталды.
Қанды оқиға осы жылдың 9 қаңтарында Катонқарағай ауданының Шұбарағаш ауылында болған.
52 және 56 жастағы екі адамның денесінен көптеген дене жарақаты мен тұншықтыру белгілері табылған, деп хабарлады Altaynews.kz.
"Айғайды естіп, жүгірдім": Қостанай тұрғыны аса ауыр қылмыстың үстінен түсті
ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, іздеуде жүрген күдікті ұсталып, қамауға алынды. Ол Алматы облысы Қапшағай қаласының тұрғыны болып шықты.
"Қылмыстық іс Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына қарауға жіберілді. Қазір сот процесі жүріп жатыр", - деді департамент басшысы полковник Сағат Мәдиев.