Қоғам

Қазақстанда коронавируспен күресу үшін 13 аурухана салынады 

Жұмыспен қамту жол картасының жобалары 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Қазақстанда Жұмыспен қамту жол картасы аясында 13 жаңа инфекциялық аурухана салынады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Жол картасының қаражатын пайдаланып, коронавирус індетімен күресу бағытында 13 жаңа инфекциялық емхана құрылысы жүргізіледі. Нәтижесінде қосымша бес мың тұрақты жұмыс орны ашылады", - деді Нұрымбетов үкімет отырысында. 

Айтуынша, Жұмыспен қамту жол картасының жобалары 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. 

13 наурыздан бері 103 300 адам коронавирус жұқтырды, 1 431 адам қайтыс болды.

Соңғы бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 18 адам көз жұмды. 389 адамның жағдайы ауыр екені айтылып отыр.