АЛМАТЫ, 18 тамыз — Sputnik. Қазақстанда соңғы тәулікте коронавирус инфекциясынан 18 адам қайтыс болды. Оның ішінде 16 адамда ПТР-тест нәтижесі инфекцияның бар екенін көрсетсе, екі адамда теріс нәтиже берген, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Бір күнде 267 адамда коронавирус инфекциясы расталды. Ал коронавирусқа ұқсас белгілері бар пневмония 67 адамда анықталды, бірақ ол науқастарда ПТР теріс нәтиже көрсетті.
13 наурыздан бастап COVID-19 103 300 адамнан табылды, инфекциядан 1 431 адам қайтыс болды.
Ал 1 тамыздан бері 18 673 адам пневмониямен ауырды, бұл аурудан 220 адам қайтыс болды.
Қазір коронавирус инфекциясынан 17 424 адам, оның ішінде 94 бала ем алып жатыр. Стационарларда – 8 015 науқас, амбулаториялық деңгейде 9 409 науқас бар.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда коронавируспен күресу үшін 13 аурухана салынады
389 адамның жағдайы ауыр екені айтылып отыр. 107 адамнң хәлі аса ауыр, 69 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.