Қоғам

Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары өмірден озды

Мұхаметқали Сатовқа 2016 жылдың 5 мамырында президент жарлығымен "генерал-майор" шені берілген. Сондай-ақ, ол Қазақстан Республикасының 14 медалімен, ІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен наградталған және еліміздің ішкі істер саласына еңбек сіңірген қызметкері
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Мұхаметқали Сатов дүниеден озды. Бұл туралы аталған ведомствоның сайтында жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ұлттық ұлан бас қолбасшылығының ресми ақпаратында марқұмның туған-туыстарына көңіл айтылған.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшылығы, Әскери және Ардагерлер кеңесі Ұлттық ұлан бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Сатов Мұхаметқали Құсайынұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Мұхаметқали Сатов туралы не білеміз?

Мұхаметқали Құсайынұлы 1961 жылы 29 маусымда Қарағанды қаласында жұмысшы отбасында дүниеге келген.

Орта мектепті бітірген соң, 1978-1982 жылы КСРО ІІМ Новосібірдегі жоғары әскери училищесін бітірген.

2013 жылы Көкшетау қаласындағы А.Мырзахметов атындағы университетте мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша білім алған.

1982-2002 жылдар аралығында взвод командирінен әскери бөлім командиріне дейінгі түрлі әскери лауазымдарда қызмет етті.

1999-2001 жылы ІІМ Ішкі әскерлер қолбасшылығы бас басқармасының әскери кеңес хатшысы.

2005 жылдан 2013 жылдың мамырына дейін – Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің комитеті – Ішкі әскерлер бас қолбасшылығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бас басқармасының бастығы.

2013 жылдың 25 мамыры мен 2014 жылдың мамыры аралығынлда Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары.

2014 жылдың 20 мамырынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары.

КСРО және Қазақстан Республикасының 14 медалімен, ІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен наградталған.

Қазақстан Республикасы ІІМ еңбек сіңірген қызметкері. Мемлекеттік басқару магистрі.

Қазақстан Республикасы президентінің 2016 жылғы 5 мамырдағы Жарлығымен "генерал-майор" шені берілді.