Саясат

Тоқаев үкіметке бірқатар тапсырма берді

Үкімет басшысы президентке азаматтарды жұмыспен қамту және жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы баяндады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминнің есебін тыңдады, деп хабарлайды Ақорда.

Премьер-министр мемлекет басшысына Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері туралы баяндады.

Мамин Тоқаевқа тұрғындарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік субъектілерін қолдау, күзгі жиын-терім жұмыстарын ұйымдастыру, жаңа оқу жылына дайындық жөнінде берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы ақпарат берді.

Тағы оқыңыз: Президент Сауат Мыңбаевты неге шақырды?

Сонымен қатар, кездесуде эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және карантин талаптарын біртіндеп жеңілдету мәселелері сөз болды.

Президент кездесу қорытындысы бойынша үкіметке бірқатар нақты тапсырма берді.