Саясат

Тоқаев президенттік кадрлық резервке тағы бір іріктеу өткізуді тапсырды  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасына президенттік жастар кадрлық резервіне қатысты тапсырма берді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады, деп хабарлады Ақорда.  

Анар Жайылғанова Қасым-Жомарт Тоқаевқа агенттік жұмысының негізгі бағыттары бойынша есеп берді.

Агенттік басшысы әкімшілік-мемлекеттік қызмет бағытындағы кадр саясатын қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің салалық заңнама мен этикалық нормаларды сақтауын бақылау, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жағдайы туралы баяндады.

Оқи отырыңыз: Президент Аида Балаеваны қабылдады 

Мемлекет басшысы "Президенттік жастар кадрлық резерві" бойынша жұмысты жалғастыруды, оған енген азаматтардың жұмыспен қамтылуына мониторинг жүргізу және резервке кіру шарттарын реттеуді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы "Президенттік жастар кадрлық резервіне" тағы бір конкурстық іріктеуді өткізу жөнінде тапсырма берді. Конкурсты өткізу барысында мемлекеттік органдардың қажеттіліктерін ескеріп, іріктелетін кандидаттардың санын қысқарту керек екенін айтты.