Sputnik Қазақстан әлемнің биік нүктелерінде орналасқан тау көлдерінің жағасында серуендеуді ұсынады.
Тянь-Шань мен Гималайдан бастап Патагонияға дейін, жанартау кратерлері мен мұздықтар арасындағы алқаптарға дейін – әр континентте, әлемнің әр түкпіріндегі қорықтарда табиғаттың тылсым сырға толы – таңғажайып тау көлдері бар.
Ол жердегі судың түсі қандай болса да, ыстық күнде мөлдір әрі салқын қалпын сақтайды. Ал сарқырамалар мен толқындардың әуезді үні ешкімді де бей-жай қалдырмайды.
1 / 11
Бұл Алматыдан шығысқа қарай 40 шақырым жерде орналасқан Іле Алатауы шатқалындағы Есік көлі. Геологтардың айтуынша, шамамен 8-10 мың жыл бұрын теңіз деңгейінен 1714,5 метр биіктікте 300 метрлік жартастың құлауы нәтижесінде пайда болған табиғи бөгет.
© Sputnik / Анатолий Устиненко
2 / 11
Туристік бағыттағы әйгілі орындардың бірі – Күнгей Алатау шатқалындағы Қайыңды көлі. Жаздың өзінде бұл көлдегі судың температурасы 6 градусты құрайды. Соған қарамастан суда жүзетін әуесқой спортшылар үшін таптырмас орын. Көл 1911 жылдың қаңтарында жойқын Кемин жер сілкінісі нәтижесінде пайда болды. Катаклизм кесірінен көл ортасындағы қылқан жапырақты орман мүлде жойылып кетпей, керісінше ерекше ландшафт қалыптастырды.
© Depositphotos.com / Kefirm
3 / 11
Ыстықкөл – Қырғызстанның інжу-маржаны. Ғарыштан түсірілген бұл сурет Солтүстік Тянь-Шань жоталарымен қоршалған, тіпті орбитадан қарағанда судың түсі ашық көк екені анық көрінеді. Ыстықкөл – көлемі жағынан әлемдегі ең ірі 30 көлдің бірі, ал тереңдігі жағынан жетінші орында.
© Photo : Roscosmos / Ivan Vagner
4 / 11
Теңіз деңгейінен 434 метр биіктікте орналасқан Телецкое көлі ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұралар тізіміне "Алтайдың алтын таулары" кешенді нысандары құрамына енген.
© Sputnik / Vladimir Vyatkin
/ 5 / 11
Индонезияның Флорес аралындағы Келимуту жанартауы кратеріндегі үш көл жылдар өте келе түсін түрлендірген. Яғни, қара түстен көгілдірге, одан соң қызыл-қоңыр немесе жасылға дейін өзгерген. Жанартаудың батысындағы көл Тиву-Ата-Мбупу (қарттар көлі) деп аталады. Қалған екеуі Тиву-Нуа-Мури-Коох-Таи (ұл мен қыз көлі) және Тиву-Ата-Поло (сиқырланған көл) деп те аталады.
CC BY 2.0 / Michael Day /
6 / 11
Хорватиядағы "Плитвице көлдері" ұлттық паркінің аумағына 16 тоғанды көл орналасқан. Сондай-ақ, оның құрамына 140 сарқырама мен 20 үңгір және ежелгі дәуірден бері сақталып келе жатқан әрі өз-өзінен қалпына келу мүмкіндігіне ие ерекше бук және қылқан жапырақты орман кіреді. Плитвице көлдері ұлттық парк мәртебесін 1949 жылы алды.
7 / 11
Көлдің орналасуы қасқыр сұлбасына ұқсай ма?!. Бұл Канададағы Банф ұлттық паркіндегі Пейто көлі. 1 860 метр биіктіктегі табиғи ғажайыпты алғаш ашқан зерттеуші-саяхатшы Билл Пейтоның құрметіне көлдің атауы осылай қойылған. Көлді қоршап тұрған мұздықтардың химиялық құрамына байланысты көл суының ақшыл-көгілдір түсі "тропикалық" деп аталады.
CC BY-SA 2.0 / ER Bauer /
8 / 11
Чилидің Патагониялық Анд аумағындағы Торрес-дель-Пайн ұлттық саябағында орналасқан Пеоэ көлінің көлемі 22 шаршы шақырымды құрайды. Бұл Пейн өзенімен өзара байланысқан көлдер жүйесінің бір бөлігі.
9 / 11
Тиличо – Непалдағы таулы аймақтағы көл. Ол Гималайдың орталық бөлігіндегі шыңның солтүстік беткейінде теңіз деңгейінен 4 919 метр биіктікте табиғи тостаған тәрізді тау шатқалында орналасқан.
CC BY-SA 4.0 / Solundir / Lake Tilicho panorama (cropped photo)
10 / 11
АҚШ-тың Сьерра-Невада тау жотасы аумағындағы Тахо көлі. Геологтардың айтуынша, табиғаттың мұндай ғажайып нысаны 2 мен 3 миллионыншы жылдар аралығында пайда болған. Ал оның қазіргі қалпы мұз дәуірінен бері сақталған.
© Photo : Pixabay / 12019
11 / 11
Австрияның Штирия федералды штатындағы Грюнер-Зе көлі де туристр үшін өте қызықты. Өйткені, оның тереңдігі қыс мезгілінде екі метрге, ал жаз кезінде Альпідегі қардың еруіне байланысты он екі метрге дейін көтеріледі.