НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 25 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Тест нәтижесінде расталған коронавирус инфекциясынан 20 адам, ал пневмониядан 5 адам қайтыс болған. Ресми мәлімет бойынша барлығы коронавирустан 1397, ал пневмониядан 216 науқас көз жұмды.
Өткен тәулікте 409 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, 971 адам пневмонияға шалдыққан.
"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 19 741 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 109 бала бар. Стационарларда 3 289 науқас жатыр. 16 452 адам амбулаториялық жағдайда емделуде", - деп хабарлады министрлік.
Науқастардың арасында 401 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 105 адамның жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 77 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.