Қоғам

Нұр-Сұлтанда 1980 жылғы Олимпиадаға қатысқан қазақстандықтар туралы көрме ашылды

Карантиндік шектеулерге байланысты Нұр-Сұлтанда көрменің ашылуы жұмыс режимінде өтті, салтанатты іс-шара болған жоқ
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз — Sputnik. Елордада орталық саябақта Спорт күнінде "Мәскеудегі XXII Олимпиадада Қазақ КСР спортшыларының жеткен жетістіктері" көрмесі ашылды. 

1980 жылғы Олимпиада ойындарының қырық жылдығына орайластырылған көрмені Нұр-Сұлтан әкімдігі мен Қазақстандағы Ресей елшілігінің қолдауымен Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігі мен Sputnik Қазақстан ұйымдастырды. 

Нұр-Сұлтанда 1980 жылғы Олимпиадаға қатысқан қазақстандықтар туралы көрме ашылды

Карантинге байланысты көрменің ашылуы жұмыс режимінде өтті, салтанатты іс-шара болған жоқ. 

Нұр-Сұлтанда 1980 жылғы Олимпиадаға қатысқан қазақстандықтар туралы көрме ашылды

"Біз бұл көрмені Қазақстан астанасында кездейсоқ өткізіп отырған жоқпыз. Ортақ тарихымызды, оның ішінде спорттық жетістіктерді естен шығармауымыз керек деп есептейміз, - деп атап өтті Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігінің жетекшісі Алексей Коропченко. - 1980 жылғы Олимпиададағы Жақсылық Үшкемпіров, Сергей Котенко, Виктор Мазин, Владимир Муравьев, Надежда Ольхова, Шәміл Серіков, басқа да қазақстандық спортшылардың жетістіктері тарихта қалары сөзсіз". 

Нұр-Сұлтанда 1980 жылғы Олимпиадаға қатысқан қазақстандықтар туралы көрме ашылды

1980 жылы КСРО құрамасынада 20 қазақстандық спортшы болды, олар тоғыз спорт түрінен бақ сынады. Қазақстандықтар дүбірлі додада он алты медаль жеңіп алды. 

Нұр-Сұлтанда 1980 жылғы Олимпиадаға қатысқан қазақстандықтар туралы көрме ашылды

Еске сала кетейік, Олимпиада ойындарының қырық жылдық мерейтойына орай Sputnik мультимедиялық арнайы жоба іске қосқан болатын.