Өңірлер

Қостанайда дәріхана иесіне 1 теңге үшін 360 мың теңге айыппұл салынды

Қазақстанда анальгиннің максималды бағасы – 149 теңге. Ал ауылдық дәріханада бұл дәрі 150 теңгеге сатылған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Қостанай облысындағы Бейімбет Майлин ауданының Әйет ауылында дәріхана иесіне 361 140 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды жергілікті "Наша газета" сайты.

Инспектордың айтуы бойынша, әйел оларға анальгинді 150 теңгеден сатқан. Ал оның ең шекті  бағасы – 149 теңге болған.

Дәріхана қожайыны араша сұрап, сотқа жүгінген. Алайда, өзінің инспекторларға анальгин сатпағанын дәлелдеуіне тура келіп тұр.

"Чекте дәрінің анальгин екені көрсетілмеген. Тек, 13.01 күні 150 теңгеге арнап шығарылған. Анальгин сатылған уақыт пен менің атыма әкімшілік хаттама толтыру арасында 14 минут өткен. Міне, осы арадағы уақыт мұқият зерделенуі тиіс", - дейді Ольга Ведлер.

Анальгиннің максималды бағасы – 149 теңге.

Сотта аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау бөлімінің бастығы Бауыржан Баймұхамбетов анальгин сияқты қарапайым дәрілердің бағасын олардың өкілдері қадағаламағанын жеткізді.

"Біздің өкілдеріміз антибиотиктер мен антикоагулянттардың бағасын бақылап отырды. Бірақ сол күндері (23 шілдеде) айрықша бақылау жүргізбедік, өйткені бұл дәрі-дәрмектер сатылымда болған жоқ", - деді Баймұхамбетов.

Оқи отырыңыз: Алматыда дәріхана басшысы тексеруге келген депутатты сыртқа қуып шықты

Алайда, сот отырысында Ольга Ведлерге инспекциялық топтың заңсыз әрекеттері туралы айғақтарға қатысты көптеген сұрақтар қойылды. Ол бұл сұрақтарға нақты жауапты келесі сот отырысында дәлелмен көрсетуге уәде етті.