Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда демалыс күндері қоғамдық көлік жүре ме?

17 тамыздан бастап карантин режимі жеңілдейтініне қарамастан 22 және 23 тамыздағы демалыс күндері қоғамдық көліктер жүрмейді  
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Алдағы демалыс күндері, 15-16 тамызда Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік қалыпты режимде жұмыс істейді. Бұл туралы CTS көлік компаниясы хабарлады.

Өзгерістер болған жағдайда компания қосымша ақпарат береді.  

CTS мамандары елорда тұрғындарын бетперде тағып, жол ақысын төлеуді ұмытпауға шақырды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда карантин қалай жеңілдетіледі - комиссия отырысы өтті 

"17 тамыздан бастап 9 бағдарға қосымша автобустар қосамыз. №№ 5, 9, 10, 12, 24, 52, 54, 70, 72 бағдарларда автобустардың саны көбейтіледі", - делінген хабарламада.

Қазақстанда карантин жеңілдетіледі

17 тамыздан бастап карантин режимі жеңілдетіледі. Алайда демалыс күндері – 22 және 23 тамызда 65 жастан асқан адамдардың жүріп-тұруына шектеу қойылады, қоғамдық көліктер тоқтайды, ал бизнеске қайтадан жұмысын тоқтатуға тура келеді.

Сонымен қатар жұмыс күндері мына нысандар ашылады:

  • сауда ойын-сауық орталығы, сауда үйлері (бутиктер), сауда желілері, жабық базарлар (аумағының 30%-нен аспауы тиіс, 1 келушіге 4 ш. м);
  • сұлулық салондары, шаштараз, СПА орталықтары, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар (алдын ала жазылу бойынша 1 келушіге 4 ш.м.); 
  • бассейні жоқ фитнес орталықтары (толымдылығы 50%-тен аспауы тиіс, 1 келушіге 5 ш.м.), бассейні жоқ моншалар мен сауналар (толымдылығы 50%-дан аспауы тиіс, 1 келушіге 4 ш.м.);
  • балаларға арналған түзету кабинеттері, балалар және ересектерге білім беру орталықтары (топта 5 адамнан артық болмайды, жазылу бойынша қабылдайды);
  • мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтары (15 адамнан артық болмауы керек);
  • ашық ауадағы аттракциондар (арақашықтықты сақтау, маска тағу және адамдар ағынын реттеу арқылы жұмыс істейді;
  • Сондай-ақ, 17 тамыздан бастап ашық ауада жеке және топтық жаттығулар жасауға (5 адамнан артық емес) және ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығулар жасауға (30 адамнан артық емес) рұқсат етіледі.