Қоғам

Басы дауға қалған Алматы облысының бас дәрігері кешірім сұрады

Ерғали Сыдыманов адамдармен "қарапайым тілде" сөйлесіп, ешкімді ренжіткісі келмегенін айтады. Енді ол басшылықтың кез келген шешімін қабылдауға дайын
Sputnik

АЛМАТЫ, 14 тамыз – Sputnik. Алматы облысының бас санитар дәрігері қызметіне екі күн бұрын тағайындалған Ерғали Сыдыманов дөрекілігіне шағымданған кәсіпкерлерден кешірім сұрады. 

Ол денсаулық сақтау министрлігіне түсініктеме жібергенін және оны мемлекеттік қызмет істері агенттігіне шақырғанын, ол жерде де түсініктеме бергенін айтты.

Сыдыманов кәсіпкерлерге не деді?

Бас санитар дәрігер кәсіпкерлермен әңгімелесу барысында сауда үйлерін, азық-түлік сатпайтын базарлар мен автокөлік бөлшектерін сататын дүкендерді ашу туралы өтінішке дөрекі жауап берген.

"Мен саған қызмет етпеймін. Бала-шағаны асырау керек, кредит бар екенін түсінемін. Болды, басымды қатырмаңдар. Сен неге түсіріп тұрсың, содан кейін осындайлардың кесірінен бәрі басталады", - дейді Сыдыманов.

Шенеуніктің сөйлеген сөзі адамдардың наразылығын тудырды.

Оқи отырыңыз: Министр Цой бас санитар дәрігердің сөйлеген сөзіне ашуланды – видео

Айта кетейік, Ерғали Сыдыманов 12 тамыздан бастап Алматы облысының тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі және бақылау басқармасының басшысы болып қайта тағайындалды. Ал оған дейін бұл лауазымды шілде айында коронавирус инфекциясынан қайтыс болған Қайрат Баймұхамбетов атқарған.