АЛМАТЫ, 10 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда 3,6 миллион долларға зираты бар крематорий салынады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы "Ашық бюджеттер" порталында хабарланды.
Зираты бар крематорий құрылысы биыл басталады. Ал нысан 2022 жылы пайдалануға беріледі. Жобаны жүзеге асыру Нұр-Сұлтан қаласының құрылыс басқармасы мен ведомство басшысы Сәкен Сәрсенғалиевқа жүктелді.
"Құрылысқа жергілікті және республикалық бюджеттен 1 миллиард 519 миллион 285 мың теңге немесе 3,6 миллион доллар бөлінеді. Жобаның мақсаты – дәстүрлі жерлеу орындары бар зираттардың аумағын азайту", - делінген хабарламада.
Жоба 5 тамызда жарияланды, көпшілік талқылауы 19 тамызда аяқталады. 11 тамыздағы жағдай бойынша ешкім жобаны қолдап немесе қарсы екенін айтып дауыс берген жоқ.
Алматыдағы крематорий
Айта кетейік, крематорий құрылысына қатысты жоспар осы жылдың маусым айында хабарланған болатын. Сол кезде әділет министрлігі алғашқы крематорийлер Алматы мен Нұр-Сұлтанда пайда болатынын айтты. Төтенше жағдай кезінде мемлекеттік комиссия ведомствоға Қазақстанның мегаполистерінде крематорий салу мақсатында бюджеттік өтінімді әзірлеуді және енгізуді тапсырды.
Алматы мемлекеттік активтер басқармасында құрылысқа тендер жарияланды.
Техникалық ерекшелік бөлігінде болашақ тапсырысты орындаушы жергілікті жердің сейсмикалық ерекшеліктерін ескеруі қажет екені көрсетілген.
Оқи отырыңыз: Назарбаев: өмірден түңілсеңіз, зират басына барыңыз
Крематорийді екі пеші бар бір орынды етіп жасау жоспарланып отыр. Сонымен қатар әкімшілік нысандарда ауаны желдету, ішкі және сыртқы бейнебақылау жүйесін орнату қажет.