Оқиға

Ақтауда әскери қызметшінің парашюті ашылмай қалды

Зардап шеккен әскери қызметшінің жағдайы ауыр. Қорғаныс министрлігі оқиғаның себебін анықтау үшін қызметтік тергеуді бастады  
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Ақтау қаласында парашюті толық ашылмаған әскери қызметші ауыр жарақат алды.

Оқыс оқиға 2020 жылдың 5 тамызында болды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

"Жерден берілген командаларға парашютші жауап бермеді, қосалқы парашютті пайдаланбай, салдарынан жерге қатты түсті", - делінген хабарламада.

Зардап шеккен әскери қызметшіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Ол Ақтау қаласының медициналық мекемесіне жедел жеткізілді.

8 тамыз күні дәрігерлер хирургиялық ота жасады. Әскери қызметшінің жағдайы ауыр.

Арыс маңында жарылыс болып, әскери қызметші көз жұмды 

Парашютпен секіру қолайлы метеорологиялық жағдайларда жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес орындалған. Әскери қызметшілермен секірер алдында қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде нұсқаулық өткізілген. 

Оқиғаның себебін анықтау бойынша қызметтік тергеу басталды.