Өңірлер

Ақтөбеде жанармай бекетінде кассир әйел қарулы қарақшыға қарсы тұрды – видео

Күдікті кассирді пышақпен қорқытып, ақша талап еткен. Алайда ол ақшаны беруден бас тартып, қарсылық көрсеткен
Sputnik

АЛМАТЫ, 10 тамыз – Sputnik. Ақтөбе маңындағы жанар-жағармай құю бекетінің бірінде ер адам кассирді пышақпен қорқытып, ақша бопсалаған, деп хабарлады Polisia.kz порталы.

Оқиға 30 шілде күні түнгі сағат 03:00 шамасында болған.

"Күдікті кассирді пышақпен қорқытып, ақша талап еткен. Дүкен күзетшісі күдіктіге қарсы шықты. Алайда қарақшы күзетшіні итеріп, қашып кетті", - делінген ақпаратта.

Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар кешенін өткізіп, қылмыс жасалған ауданда орналасқан бейнебақылау камераларын қарады.

Нәтижесінде 22 жастағы күдікті бір тәулік ішінде анықталып, бірнеше күннен кейін ұсталды. Қылмыс құралы болған пышақ тәркіленді.

Оқи отырыңыз: Алматыда балалы әйелге шабуыл жасаған тонаушы қарсылыққа тап болды 

Аталған факті бойынша Қазақтан қылмыстық кодексінің 192-бабы "Қарақшылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті Ақтөбе қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.