Орталық сайлау комиссиясының соңғы мәліметіне сәйкес, Беларусь елінің қазіргі президенті
Александр Лукашенконы сайлаушылардың 80 проценті қолдаған. Оның қарсыласы - Светлана Тихановская 10 проценттен аз дауыс жинады.
Санкцияланбаған наразылық акциясына қатысушылар үкіметке қарсы ұрандарды айтып, көшелерде жүрді. Алайда бұл ұзаққа созылмады. Күш құрылымдары тұрғындардың акциясын тоқтатты. Олар жарық-дыбыстық граната мен көзден жас шығаратын газ қолданды.
Қақтығыс кезінде Минск қаласында болған жағдай бір видеода көрсетілді.