Видео

Қазақстанның әскери дәрігерлері Ливанға жетті – видео

Қазақстандық бір топ әскери дәрігер жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Ливан астанасына барды
Sputnik

Бейрут әуежайында дәрігерлерді Қазақстанның Ливан Республикасындағы уақытша сенімді өкілі Ержан Қалекенов, Ливан қарулы күштері қолбасшылығының өкілдері – бригада генералы Аби Карам және Ливан сыртқы істер министрлігінің өкілі Али Дирани күтіп алды.

8 тамызда таңертең Қазақстан президентінің тапсырмасы бойынша Бейрут портындағы жарылыс салдарынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін 29 әскери дәрігер мен төрт аудармашы Ливанға аттанған еді.

Бейруттегі жарылыс

Төртінші тамызда Ливан әскери-теңіз күштерінің базасына жақын орналасқан Бейрут портында жойқын жарылыс болды. Оқиғадан кем дегенде 150-ден астам көз жұмды.

Бес мыңға жуық адам жарақат алды. Ауруханаларда зардап шеккендер саны көп болғандықтан, барлығы стационарда ем ала алмай отыр.