Қоғам

Туристер Қазақстанның ең таза өзені ағып келетін Сілеті су қоймасын ластап жатыр

Экология министрлігі ел азаматтарын табиғатта демалудың қарапайым қағидаларын сақтауға, соңынан қоқыс қалдырмай, алып кетуге шақырады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Туристер Сілеті су қоймасы мен Бестөбе шатқалын ластап жатыр. Бұл туралы жергілікті әкімдік пен ішкі істер министрлігі өкілдерімен бірлесіп жүргізілген қоғамдық рейд кезінде белгілі болды, деп хабарлады Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.

"Сілеті су қоймасына еліміздегі ең таза өзендердің бірі Сілеті ағып келеді. Ал Бестөбе шатқалы астанадан шамамен 200 шақырым жере орналасқан. Адамдар осында демалуға келген туристер қоқыс тастап, табиғатқа тағылықпен қарап, рұқсат етілмеген жерде шомылатынына шағым айтып жатыр", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Үкімет Көбейтұзға қатысты шешім шығарды  

Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ермек Омаров демалып жатқандармен әңгіме жүргізіліп, қоқыс жиналғанын атап өтті.

"Егер бәріміз бірге тәртіпке келтіру шараларын қолға алмасақ, ертең демалатын таза жер қалмайды, - дейді ол.

 Тұрғындар арасында түсіндіру жұмысын жүргізуге "Жас ұлан" жастар ұйымының белсенділері көмектесіп жүр. 

"Біздің табиғатты аялау туралы дәрісімізді естіген балалар үйге келген соң, ата-аналарының да қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауын өтінеді", - деп атап өтті Ермек Омаров.

Экология министрлігі ел азаматтарын табиғатта демалудың қарапайым қағидаларын сақтауға, соңынан қоқыс қалдырмай, алып кетуге, қоршаған ортаға зиян келтірмеуге шақырады. Әйтпесе мемлекет экологиялық заңнаманы бұзғандарды қатаң жазалау шарасын қолдануға мәжбүр болмақ.

Сонымен қатар қазақстандықтардан басқалардың да табиғатқа зиян келтіруіне бей-жай қарамауға, ондай жағдай туралы министрліктің +77776785252 жедел желісіне хабарлауды өтінеді.

Экология министрлігі адамдар демалатын жерлерге, оның ішінде ерекше қорғалатын аумақтарға қоғамдық рейд жүргізуді жалғастыра береді.