Елорда тынысы

Елордада 11 жыл қатарынан ұйымдастырылған шара өтпейтін болды

Ұйымдастырушылар шараға қатысушылардың бәрінің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайтынын алға тартып отыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Елордада жыл сайынғы Astana Marathon 2020 коронавирусқа байланысты өткізілмейді.

"Бастапқыда қыркүйек айына таман шектеулер жеңілдетіліп, жарыс болады деп ойлаған едік. Бірақ өзге марафон ұйымдастырушылары сынды біз де қатысушылардың қауіпсіздігін толықтай қамтамасыз ете алмаймыз. Денсаулық пен қауіпсіздік - біз үшін ең басты орында ", - деп жазылған Astana Marathon-ның Instagram парақшасында.

Тіркелген адамдар салымға байланысты электронды хат алады.

Өткен жылы Sputnik Қазақстан командасы Astana Marathon 2019-дың 10 шақырымын жүгіріп өткен болатын.

Елордадағы марафонға 27 елден бес мыңнан астам адам қатысты. Солардың арасында бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен астана әкімі Алтай Көлгінов болды. 

Қайырымдылық жүгіру шарасы 2009 жылдан бері өткізіледі. Осы жылдары қазақстандық қайырымдылыұ ұйымдарға 97 мың доллардан астам қаражат жиналды.