Оқиға

Шығыс Қазақстан полицейлері адам өлтірді деген күдікпен 59 жастағы ер адамды ұстады

Күдікті ретінде іздестірілген 59 жастағы ер адам Қазақстан шекарасынан Ресейге автокөлікпен өтіп жатқан сәтінде тұтқындалды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында 40 жастағы әйелдің егіс алқабына көмілген мәйіті табылды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облыстық полиция басқармасы. 

Глубокое ауданының тұрғыны төрт күн бұрын таңертең үйінен жұмысына кетіп, қайтып оралмаған. Оның туыстары полицияға хабар берген соң, полицейлер мен еріктілер дереу іздеуге кіріскен болатын. 

"Глубокое ауданының Белоусовка ауылынан жеті шақырым қашықтағы егіс алқабында топыраққа көмілген әйелдің мәйіті табылды", – делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары жоғалған адамды танитын 59 жастағы ер адамды ұстады. Ол Қазақстан шекарасынан Ресейге автокөлікпен кетіп бара жатқанда сәтінде тұтқындалды.

"Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді облыстық полиция басқармасы бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Оқи отырыңыз: Ақшұқыр ауылындағы қанды оқиғадан кейін 11 адам тұтқындалды