НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Қазақстан мен Ресейдің әскери дәрігерлері коронавирус инфекциясымен күрес бойынша бірлескен жұмысқа кірісті. Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлады.
"Қазақстан мен Ресей қорғаныс ведомстволары басшыларының әскери-медициналық ынтымақтастық туралы келісіміне сәйкес, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының әскери клиникалық госпитальдеріне ресейлік анестезиолог-реаниматолог, инфекционист пен терапевтен тұратын әскери дәрігерлер тобы келді", - делінген хабарламада.
Ресейдің әскери дәрігерлері Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы госпитальдерде жұмысқа кірісті
© Photo : Минобороны Казахстана
Бағдарлама аясында емделушілердің емдеу хаттамаларын зерделеу, әскери дәрігерлердің консультациясымен семинарлар өткізу және инфекциялық ауруларды диагностикалау мен емдеу саласында тәжірибе алмасу көзделген.
Бұған дейін хабарланғандай, ресейлік дәрігерлер Қазақстанда бір ай болады.
Сондай-ақ, Ресейден Қазақстанға медициналық жабдықтар мен қорғаныс құралдары жеткізілді.