Өңірлер

Алматыда дрифт жасаған жүргізуші ірі апатқа себепкер болды

Жолаушылардың бақытына орай, апатқа ұшырағандардың ешқайсысы қаза болған жоқ. Кейбір мәліметтер бойынша, көлік ұрланған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Назарбаев даңғылының бойында, Бөгенбай батыр көшесіне жетпей, ірі жол апаты болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

Renault Scenic және Toyota Camry көліктері солтүстік бағытта келе жатқан. Куәгерлердің айтуынша, Renault жылдамдықты арттыра отырып, дрифт жасаған, бір уақытта жүргізуші рөлге ие бола алмай, бар жылдамдықпен Toyota-ны соққан, содан соң жол белгісін қиратып, жол жиегіндегі ағашқа соғылған. Кейін көлік қайта жолға қарай ұшып түскен, соққыдан өрт шыққан.

Алматыда дрифт жасаған жүргізуші ірі апатқа себепкер болды

Ал Тойота жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Renault рөлінде иесі емес, басқа біреу отырғаны хабарланды. Көлік ұрланған болуы мүмкін.  

Toyota жүргізушісі полицейлер келгенге дейін Renault көлігінде болған адамды ұстап отырған, ол жарақаттанған. Тергеу оның көлікті жүргізгенін немесе жолаушы ретінде отырғанын анықтайды.