НҰР-СҰЛТАН, 6 тамыз – Sputnik. Осы жылдың шілде айында 1 миллионға жуық қазақстандық жалпы сомасы 5,4 миллиард теңгеге азық-түлік және тұрмыстық жиынтық үшін төлем алды, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Оқи отырыңыз: Еңбек министрлігі 21 250 теңгеге қатысты ақпарат жариялады
Әлеуметтік қолдаудың бұл түрімен 1,1 миллион адамды қамту жоспарланып отыр.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша карантиндік шаралар кезеңінде азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында азық-түлік және тұрмыстық жиынтық алушылардың тізімі кеңейтілген болатын. Қарым-қатынас жасауды азайту және COVID-19 індеті таралмауы үшін жиынтықтар балама ақшалай төлемдермен алмастырылды.
Келесі 5 әлеуметтік топқа жататын азаматтар төлем алушылар болып саналады:
- атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы, оның ішінде көпбалалы отбасылардағы 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар;
- медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
- медициналық, әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, барлық жастағы I, II, III топтағы мүгедектер;
- мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдар;
- жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті органда тіркелген жұмыссыз азаматтар.
Көмектің осы түрін алушылардың тізімін жергілікті атқарушы органдар жасайды.