Әлем

Ресей елшілігі АҚШ мемлекеттік департаменттің баяндамасына қатысты пікір білдірді

АҚШ-тың мемлекеттік департаменті жанындағы жаһандық өзара іс-қимыл орталығы "ресейлік жалған ақпарат тірегі" туралы есеп жариялаған еді
Sputnik

АЛМАТЫ, 6 тамыз – Sputnik. Ресейдің Вашингтондағы елшілігі мемлекеттік департаменттің "ресейлік үгіт-насихат туралы" баяндамасы Мәскеудің АҚШ-пен ынтымақтастықты қалпына келтіру туралы ұсыныстарын "өшіруге" арналған деп мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұған дейін мемлекеттік департамент жанындағы жаһандық өзара іс-қимыл орталығы "ресейлік жалған ақпарат тірегі" туралы есебін жариялады, ол жерде "ресейлік үгіт-насихат" тұжырымдамасы жүйеленген. Оның ішінде мемлекет қаржыландыратын ресейлік БАҚ тізімі көрсетілген. Баяндамада жалған ақпарат таратушы ретінде Sputnik, РИА Новости, RT, Бірінші арна, Ресей 24 және басқалардың тақырыптары мысал ретінде көрсетілген.

Ресей азаматтығын алу жеңілдеді – жаңа заң күшіне енді
Дипломатиялық уәкілдік "АҚШ-ты сынауға батылы жеткен" ресейлік және шетелдік БАҚ-қа олардың мұқият зерттелуі мүмкін екенін айтты. Ал олардың америкалық әлеуметтік желідегі ресурстары себебі түсіндірілместен бұғатталып қалу қаупі бар.

Елшілік мемлекеттік департаментті "балама ақпарат көздерінің болуын ұнатпайды" деп хабарлады. Дипломатиялық уәкілдік олардың беделін түсіру үшін елеулі ресурстардың тартылғанын айтты.

"Вашингтонға қайшы келетін кез келген хабар жалған ақпарат деп жарияланды",- деп атап өтті дипломаттар Facebook желісінде.

Елшілік баяндамадағы мағынасыз мәлімдемелерді атады. Сонымен, АҚШ-тың сыртқы саясат басқармасы "ресми үкіметтік коммуникацияларға" Ресейдің либералды-демократиялық партиясының жетекшісі Владимир Жириновскийді және жеке меншік "Говорит Москва" радиостанциясын тіркеп қойған.

"Егер бұл америкалық әріптестердің мұқият жасаған бүкіл құрылымының шыңы болса, онда ол шағын үйшікке көбірек ұқсайды", -деді елшілік.

Айта кетсек, Кремль мен СІМ бұған дейін бірнеше рет Ресей жалған ақпарат таратады деген айыптауларға жауап берген еді.