Өңірлер

Коронавирус анықтамасын сатқан медицина қызметкері қылмыс үстінде ұсталды – видео  

Жауап алу барысында Алматы облысының тұрғыны маусым айынан бастап 12 осындай анықтама сатқанын мойындады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 6 тамыз – Sputnik. Медицина қызметкері адамның коронавирус инфекциясын жұқтырмағанын растайтын анықтамаларды ақшаға сатқан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру шаралары кезінде жалған анықтамаларды беру фактісін анықтады.

"Не масқара?": Ақшаға құныққан дәрігерлердің қулық-сұмдығы әшкере болды

"Медицина қызметкері "Covid-19-ға" теріс нәтиже көрсетілген ПТР анықтамасын бергені үшін 25 000 теңге көлемінде ақша алып жатқан жерінен ұсталды. Жауап алу барысында Алматы облысының тұрғыны маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін 12-ге жуық осындай анықтама жасағанын мойындады", - дейді тергеушілер.  

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.