Қоғам

Нұр-Сұлтанда жаппай төбелес видеоға түсіп қалды – полиция түсініктеме берді

Тәртіп сақшылары жаппай төбелеске екі жасөспірімнің арасында туындаған жанжал себеп болғанын айтады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. "Хан-Шатыр" ойын-сауық сауда орталығының жанында жаппай төбелес болды. Куәгерлер жас жігіттердің төбелесін видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Видеодан 20 шақты адамның төбелесіп жатқанын көруге болады. Оқиға орнына патрульдік полицияның келгені де кадрға түсіп қалған. 

Қалалық полиция департаментінің мәліметі бойынша жасөспірімдер арасындағы жаппай төбелес 1 тамызда "Хан-Шатыр" ойын-сауық сауда орталығының жанында болған. Кешкі сағат 20:40 кезінде кезекші бөлімге оқиға туралы хабар түсті.

"Төбелеске қатысқандар кәмелетке толмаған. Олардың барлығы оқиға орнында ұсталды. Төбелестің себебі де анықталды. Екі жасөспірімнің арасында жанжал туындаған. Оның арты жаппай төбелеске ұласты. Қылмыстық кодекстің 293-бабы – "бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды", – дейді полицейлер.

Оқи отырыңыз: Шымкентте жаппай төбелес кезінде ауыр жарақат алған жігіт қайтыс болды